🌓
Фото ветерана

ИСАЕВА ФРАНЧЕСКА ПЕТРОВНА

Исаева Франческа Петровна осы оқу орнында 1980-1990 жылдары 12 жылдан астам уақыт математика пәнінің оқытушысы болып жұмыс атқарды, бұған дейін мектепте еңбек еткен. Франческа Петровнаның естеліктерінен сол жылдары училищеде 1200-ге жуық білім алушы оқыды. Франческа Петровна ұжымның ауызбірлігінің болғанын, соның арқасында күнделікті жұмысқа тамаша көңілде барғысы келетін ерекшелігін айтты. «Көптеген іс-шаралар болды. Мен көп жағдайда бұрғылаушы, газбен дәнекерлеуші, автокөлік жүргізушілері, БӨА (бақылау-өлшеу аспаптары) мамандығының студенттерімен жұмыс істедім.»-дейді.\r\nФранческа Петровнаға біз бірқатар сұрақтар қойдық, алған жауаптарымызды сөзбе-сөз келтіруді шештік. Айта кету керек, сұхбат біздің педагогтер, оның ішінде жастар үшін қызықты әрі танымды өтті...\r\nСұрақ: Сіз өз жұмысыңызда қандай білім беру әдістері мен тәсілдерін қолдандыңыз?\r\n- Жауап: Сауалнама, жеке жұмыс, дидактикалық материалдар, карточкалар, шот. Сонымен қатар жыл сайын мұғалімдер білімді жетілдіру курстар...
← Артқа