Оспанова Қарлығаш Асанова 1960 жылы Қарағанды облысының Ростовка кентінде дүниеге келген.\r\nМектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын «Қарагандыжилстрой» трестінің үй құрылысы комбинатында бастады, онда 1977-1979 жылдары сылақшы-суретші болып жұмыс атқарған.\r\n1980 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 1985 жылы «Тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы» біліктілігін алды.\r\nЖОО-нын бітіргеннен кейін Қызылжар кентінің орта мектебіне 1985-1989 жыл аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.\r\n1989 жылы № 26 СПТУ-да тарих пәнінің оқытушысы ретінде педагогикалық қызметін жалғастырып, 1992 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеді. Содан кейін Қарлығаш Асанова Қарағанды дене шынықтыру және спорт техникумына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне шақырылды.\r\n1993 жылы Қарлығаш Асанқызы №26 СПТУ-ға, қазіргі Қарағанды техникалық-құрылыс колледжіне қайта оралып, онда тарих пәнінің оқытушысы, кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кейін 2001-2009 жылдары колледж директоры болып жұмыс істеді.\r\n2009-2012 жылдары Қарағанды білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында әдіскер, Типті дамыту орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.\r\n2012-2013 жылдары Қарлығаш Асанова еңбек жолын Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары лауазымында жалғастырды.\r\n2013 жылы Қарлығаш Асанқызы Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына жұмысқа шақырылып, түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.\r\nКәсіптік білім беру жүйесіндегі көпжылдық және жемісті еңбегі үшін Қарлығаш Асанқызы бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды, Ы. Алтынсарин атындағы медальмен, \"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл\"мерейтойлық медалімен марапатталды. \r\n